«Қасым қажы» мешіті Рамазанның алғашқы күндерінде
«Қасым қажы» мешіті Рамазанның алғашқы  күндерінде
13.05.2019 12:23
1075
0

Рамазан айының алғашқы күндері «Қасым қажы» мешіті біршама мерекелік және қайырымдылық іс-шаралар өткізді. ҚМДБ «Халал Даму» өкілдігіне жауапты Қазбек ағамыз  «Қасым қажы» мешітіне  арнайы келіп, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе шәкірттерімен бірлесіп Павлодарский  аулы  тұрғындарымен жүздесті. Бұл кездесуде, Рамазан айында алдымызға қойылатын ас пен жеміс-жидек, азық-түліктің сапасына  мән беру жайында насихатталып,  ҚМДБ Халал сертификатын алған фирмаларды таныстырды.

«Қасым қажы» мешіті «Әбу Бәкір Сыддық»  медресе шәкірттерімен бірлесе отырып, Павлодарский ауылындағы мұқтаж тұрғындарының үйіне, ауласындағы тазалық, бақшасын жыртып беру қатарлы жұмыстарына  жәрдем көрсетілді. 

Мұқтаж жандарға киім кешектер таратылды. Павлодарский ауылының 10 мұқтаж тұрғыны 5 кг қант, 5 кг ұн,  5 кг күріш, 5 кг макарон, 5литр сұйық май беріліп жәрдем көрсетілді.

Сонымен қатар мешіттің алдыңғы қоршауына, ауласына оразаға байланысты баннерлер ілінді,  қоршаулар жаңалап боялып сенбілік өткізілді. Мешіт асханасы және сыртқы ауласындағы істен шыққан шамдар жаңаланады. Мешіт имамы Ермек Сыздық облыстық «Халық радиосы» арқылы  Рамазанға байланысты сұхбатқа қатысты.

 

 

 

0 пікір