Қасиетті сапарға шығушыларға сәт сапар тіледі
Қасиетті сапарға шығушыларға сәт сапар тіледі
08.08.2018 13:49
642
0

ҚМДБ-ның Павлодар облысы  бойынша өкілдігі шілде айының ортасынан бері облыстан  биылғы қажылыққа  аттанатын үміткерлермен тұрақты байланыста болып, әр апта сайын арнайы семинарлар ұйымдастырып ақыл-кеңестер беріп келеді.Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ұстаз Қарлығаш қажы Қажымәлікқызы қажылық сапарға аттанатын әйелдерге әр күн сайын арнайы дәрістер өткізіп келді.

Бұл іске қалалық қажылар қауымдастығының басшылары Рымтай қажы Сапарбекқызы, Ғабиден қажы Шманұлы, Тұяқ қажы Иманқұл,  Наурызбай қажы Сәрсембекұлы, Гаухар қажы Жұмағалиқызы, Сәния қажы Шахуатқызы қатарлы облысымызға танымал қажы ата-апалар да белсенді қатысты. Әр аптаның сәрсембі күндері жүріліп келген оқыту семинарына біразы бұрын 3-4 рет  қасиетті Мекке, Мединеде  болған аталмыш қажылар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, қажылықтың шарттары, парызы, сүннеті, уәжібі, қайтсе қажылық толық орындалады, ихрамдағы міндеттер тағы басқа көптеген тақырыптар бойынша еркін әңгімелер қозғап, үміткерлерге мол-мол түсініктер берді. Сонымен қатар қасиетті құлшылықтың орындалу шарттары, ихрам кию үлгісі, қажылық өтеу барысында жасалуы керек амалдарды толығымен түсіндіріп, қажетті дұғаларды үйретті және де қасиетті мекенде еліміз үшін, дініміз үшін көп дұға етулерін сұрады.

Осы нәтижелі дәрістер соңы сәрсембінің сәтті күні жаңадан қажылық парызын өтеуге аттанып жатқан 30-дан астам адамға өкіл имам Жолдас қажы Қоспақұлы мен қажылар қауымдастығының төрайымы Рымтай қажы Сапарбекқызының ұйымдастыруымен  «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде арнайы дастархан жайып оларға сапар сәттілігі, қасиетті парызын орындауға деген ниеттернің  қабыл болуын тілеген ақ баталарға ұласты.

Қасиетті сапарға шыққан қажыларымызға сәт-сапар тілейміз. Иә, қажылық адам баласын рухани кемелдендіріп, тәубеге жетелейді. Алла Елшісіған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қабыл болған қажылықтың сыйы – жәннат», – дейді. Шынында, Алла қабыл болған қажылықты нәсіп етсін.

 

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір