ҚАРТЫ БАР ҮЙДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР
ҚАРТЫ БАР ҮЙДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР
12.10.2020 09:15
293
0

Біздің жарық дүниеде өмір сүріп жүрген әрбір сәтіміз, әр күніміз –мереке.Қазақ халқы ежелден дін мн дәстүрімізді ұштастырып өмір сүріп келе жатқан халықпыз. Құран Кәрімде «Намаздарыңды оқыңдар да, ата-аналарыңа шүкіршілік етіңдер» десе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-ның «Шын мәнінде Алла Тағаланы ұлықтаудың бір жолы – мұсылман қарт адамды құрметтеу»,-дейді. Ал «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген ата -бабамыздың сөзі. Яғни мұсылман адам Алланың әміріне мойынсұнып қарттарды және ата-анасын  сәт-сайын құрметтеп, ізет көрсетеіп отыруға тиіс.

Жуырда қалалық «Қасым қажы» мешітінің бас имамы Ермек Қуатұлы бірнеше қариялардың үйіне бас сұғып, оларға құрмет көрсетіп, сый-сияпаттар ұсынды. Атап айтар болсақ, үш қарияға шапан жауып, Алланың көркем есімдері жазылған суреттер, зәм зәм сулары, тасбихтар, қаламсаптар және Құран аяттары жазылған кітаптар берілді. Қарттар да бұл сипатқа разы болып, бата-тілектерін жаудырды.

Осы іс-шараға жәрдем көрсеткен мешіт жамағаты «Заман  Альянс» ЖШС-нің жетекшісі Әлібек Серғазыұлына жүрекжарды  алғысымызды білдіреміз.

Қарты бар үйдің қазынасы бар, сондықтан байлығымыз болған ақсақалдарымыздың қадірің біліп, құрметтеп ізет көрсетейік.

 Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.

 

0 пікір