Қарттарға құрмет көрсетті
Қарттарға құрмет көрсетті
25.02.2019 07:49
1191
0

«Қарттарды құрметтеу – ұрпақ тәрбиесінің бастауы» атты бастамамен қасиетті жұма күні қалалық «Ақмешіт» мешітінің дін қызметкерлері Павлодар қаласы «Самал» Оңалту Орталығы» Мүгедек қоғамдық бірлестігінің ақ сақалды қариялары мен ақ жаулықты апаларын құрметтеп, сый-сыяпат білдірді. «Ақмешіт» мешітінің наиб имамы Ербол Қасенұлы Қасиетті Құран сүресінен оқып, төсек тартып жатқан апалармен тілдесіп, хал-жағдайларын біліп, көрісті. Мешіттің «Әйелдер-қыздар секторына» жауапты ұстаз Қалдыгүл Белесқызы өз кезегінде әйел шәкірттерімен дастархан жайып, қарияларға жылы лебіздерін білдірді. Орталық басшысы мен қариялар дін қызметкерлеріне разылықтарын айтып, ақ баталарын берді.

 

 

Қалалық «Ақмешіт» мешіті

0 пікір