Қарлығаш Қажімәлікқызы: «Жат ағымға қарсы тұрарлық иммунитет отбасында қалыптасады»
Қарлығаш Қажімәлікқызы: «Жат ағымға қарсы тұрарлық иммунитет отбасында қалыптасады»
26.12.2016 11:33
1053
0

Павлодар облысы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің сауат ашу курсының ұстазы Қарлығаш Талқанбаева «Ақтөбе облысында діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» жобасы аясында Әйелдер аудиториясымен жұмыс жүргізу тобының іс-шараларына белсене қатысқаны үшін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірасілқызының Алғыс хатымен марапатталды.

«Менің дәрістеріме берілген оң бағаны бүкіл әйелдер жамағатының ұстаздарына көрсетілген құрмет деп білемін. Қазіргі кезде деструктивті ағымдарға жүргізіліп жатқан қарсы күрестен біз, әйелдер қауымы тыс қалмауымыз керек. Себебі теріс ағымдардың ықпалынан ең біріншіден отбасылар, балалар зардап шегеді», - дейді Қарлығаш Қажымәлікқызы.

Секталардың қармағына түсіп, зомби боп жүрген жастардың көбі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары. Өкінішке қарай, кейбір аналар тіршіліктің қамымен жүріп, көбінесе материалдық құндылықтарға көңіл бөледі. Ал балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ананың тәрбиесіне байланысты. «Сондықтан біздің міндетіміз - балаларымызға ұлттық тәрбие беріп, жас ұрпақтың бойына имандылық, меірімділік, адамгершілік қасиеттерін сіңіру. Жат ағымдардың ықпалына қарсы тұратын иммунитет әр отбасыдан бастау алатынын ұмытпауымыз қажет», - дейді ұстаз.  

0 пікір