ҚАРИЛАР ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)
ҚАРИЛАР ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)
04.09.2019 17:41
1026
0

Мәшһүр Жүсіп орталық мешіті жанындағы қарилар даярлау орталығына жаңа директор тағайындалды. Орталықта бұған дейін басшы болған жоқ. Енді аталған мекемеге Павлодар облысынан шыққан алғашқы қари Манас Жұмалинов жетекшілік етеді.

Жаңа директорды Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысындағы өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы орталықтың ұстаздары мен шәкірттеріне таныстырды.

Қарилар даярлау орталығының директорына бірнеше міндет жүктеліп отыр. Атап айтқанда, орталықта Құранды жаттайтын шәкірттерді бірыңғай киім үлгісімен қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ орталықтың ел ішіндегі жарнамасына ерекше назар аудару жүктелді. Өйткені, жергілікті халық Павлодар қаласында Құран жаттауға арналған орталық барын біле бермейді.

«Орталық директорына артылған жауапкершілік жүгі ауыр. Ол осындағы әрбір шәкіртке тікелей жауап беретін болады. Атап айтқанда, шәкірттердің азық-түлікпен қамту, олардың жатар орнын, тәртібін қадағалау, орталыққа демеушілер іздеу секілді міндеттерді өз мойнына алады. Келер жылғы Рамазан айында сырттан қари шақырмай, облыс орталығындағы, қалалар мен аудандардағы мешіттердегі Тарауық намазын осы орталықтың шәкірттері жүргізуі керек», – деді Жолдас қажы Қоспақұлы.

Сонымен қатар, орталық шәкірттерін жұма күндері қала мешіттерінде Құран оқытуға жіберу туралы бастама көтерілді. Бұл олардың жаттаған Құран параларын одан әрі бекемдей түсуге оң әсер етпек.

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір