Қарағанды журналистерін кәсіби мерекемен құттықтап, ауызашар өткізді (ФОТО)
Қарағанды журналистерін кәсіби мерекемен құттықтап, ауызашар өткізді (ФОТО)
02.07.2015 12:30
1341
0

Бас мүфти Ержан қажы Малғажұлы хазреттің жақсы бастамаларының негізінде Қарағанды өңірінде шарапатты істер молынан атқарылып келеді. Биылғы жылы да  БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қасиетті Рамазан айымен сабақтасып келгені белгілі.  Осы ретте жалпы халқымыз үшін өзіндік орны бар айтулы күнінің құрметіне  ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлының  ұйымдастыруымен ауызашар  өткізілді.  Облыстық мешітке Орталық Қазақстан басылымының тілшісі, Қазақстан-Қарағанды,  1 Қарағанды, 5 арна телеарналарының ұжымы  және Қазақстан ұлттық арнасы мен  7 арнаның Қарағандыдағы меншікті тілшілері құрметпен шақырылды.

Құран оқылып, дәм берілген соң өкіл имамның атынан Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб  имамы Ысқақ Абдрахманов асыл дінімізді насихаттауда зор үлестерін қосып жүрген журналистерге  алғыстарын жеткізді. Ы.Абдрахманов өз құттықтауында, «Сіздерді БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!  Қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты алып жүру жолында қажырлы еңбек пен толағай табыстар тілейміз. Халыққа жеткізген жаңалықтарыңыз әрдайым жағымды болсын!» — деді. Мешіт ұжымы сыйластығымыз арта берсін деген ізгі оймен сый-сияпаттар үлестіріп, естелікке алғыс хаттарын табыстады.

Ұйымдастырушылар журналистеріміздің кәсіби мерекесін  келесі жылы  табиғат аясында өткізуді жоспарлап, жақсы  сый ұсынғалы отыр. Алла амандығын берсе, ол күндер де алыс емес. Бейібіт елімізде ынтымағымыз жарасып,  береке-бірлікке толы күндермен өткізуге жазсын.

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі

бойынша баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір