Қалалық «Омар әл-Фаруқ» мешіті Қадыр түнінде
Қалалық «Омар әл-Фаруқ» мешіті Қадыр түнінде
13.06.2018 16:42
434
0

Мың айдан қайырлы қадыр түнінде Павлодар қаласының жаңадан ашылған «Омар әл-Фаруқ» мешіті алғашқы қадыр түнін жамағатпен бірге қарсы алды. Осы күнде жамағатпен тарауық намазы оқылып, әртүрлі іс- шаралар ұйымдастырылды. Мешіттің бас имамы Есімбек Советұлы  жиналған жамағатқа Қадыр түнінің маңыздылғы жайында уағыз айтты.

Мешітке көмек қолын созып жүрген біраз азаматты алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпаттар жасады. Биылғы  тарауық намазына  бір күн қалмай қатысқан  84 жастағы Аллажар ақсақалдың иығына жастарға үлгі болғандығы үшін шапан жапты. Жамағат арасына викториналық ойындар жүргізілді.

Мешітте жазғы сауат ашу курсында  оқып жүрген н мектеп оқушылары жаттаған Құран сүрелерін, алған білімдерін  жамағатқа оқып көрсетті. Қадыр түніне келген әйел жамағаты арасына бөлек іс- шаралар ұйымдастырылды.

Барлық жамағатқа балмұздақ үлестіріп, таң намазына қалған 150 адамға сәресі  берілді.

 

 

 

 

«Омар әл-Фаруқ» мешіті

0 пікір