Қалалық мешітке жаңа имам тағайындалды (ФОТО)
Қалалық мешітке жаңа имам тағайындалды (ФОТО)
26.10.2018 15:27
1327
0

Бүгін Қасиетті жұма күні Діни басқарманың бұйрығымен қалалық "Ғазиз" мешітінде Нұрлан Ефратұлы  «Имандылық жемістері» тақырыбында уағыз айтып, уағыз соңында жиналған жамағатқа Бас мүфтидің бұйрығына сәйкес «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 2014-жылғы түлегі, "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің наиб имамы қызметің атқарған Утепов Асхан Қажымұратұлы  «Ғазиз» мешітіне бас имам етіп тағайындады.

Жамағатты әрдайым ынтымақта, бірлікпен жұмыс жасауға шақырып, асыл дінімізді насихаттауда аянбай қызмет етуін тапсырды. 

Осы уақытқа дейін бас имам қызметің  абыроймен атқарған  Ербол  қажы Қасенұлына өкіл имам атынан арнайы алғыс хат марапаттап, иығына шапан жапты.

Ербол  қажы Қасенұлын қалалық "Ақ мешіт" мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалғандығын жеткізді.

"Мәшһүр Жүсіп" мешіті

0 пікір