Қалалық «Ақмешіт» мешітінің жаңалықтары
Қалалық «Ақмешіт» мешітінің жаңалықтары
04.01.2017 13:06
1065
0

2016 жылдың 28 желтоқсанында Павлодар қалалық «Ақмешітінде»  «Ақмешітке» қарасты облыс орталығындағы және Павлодар  ауданындағы ауыл мешіттеінің  имамдарымен өткен жиында ҚМДБ-нан келген тапсырмалардың орындалу барысы талқыланып, төмендегідей тапсырмалар жүктелді.

- «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп Ережесін дауыстап оқып, түсіндіріп берді. Бұл Ереже әрбір мешіттің ішіне не сыртына жамағат көріп, оқитындай ілінуі керек. Ол үшін арнайы баннер жасала ма, әлде жай ғана қағазға жазылып іліне ме, оны әр мешіт мүмкіндігіне қарай жүзеге асырады. Тапсырма 2017 жылдың 15 қаңтарына дейін орындалсын;

- Имамдардың келбеті (шапан, сәлде) ҚМДБ бекіткен талаптарға сай болуы керек. Тапсырма 2017 жылдың 30 қаңтарына дейін орындалсын;

Сонымен қатар осы жиында теріс пиғылды топтармен күресті жалғастыру, жат ағымның жетегінде жүрген бауырларды райынан қайтару, апталық есепті төрт бағыт бойынша әр апта сайын кешіктірмей тапсыру, бес уақыт намазға имамның өзі не болмаса наиб имам міндетті түрде шығуы керектігі айырықша қадағаланатыны ескертілді. Мешіттердің құжаттарын (жер және имарат құжаттары) реттеу, 20 қаңтарға дейін Красноармейка ауылындағы «Мұрат ишан», Кенжекөл ауылындағы және Ленин кентіндегі «Ысқақ хазірет» мешіттерінің құжаттары толықтай рәсімделуі қажет екендігін арнайы тапсырып,  ал Черноречк мешітінің құжаттарын реттеуге 30 қаңтарына дейін уақыт берілді.

 Ал алдағы оқу жылында «Нұр Мәбарак» мешітіне және «Әбу Бәкір Сыддық» медіресесіне шәкірттер дайындау ісін де ерекше назарда ұстау тапсырылды.

 

30 желтоқсан күні  құптан намазынан кейін «Ақмешіт» мешіттің ұйымдастыруымен демеушілер арқылы «Ақмешіт» мешітінде мәуліт мерекесіне  арналған, мешіт жамағатымен қонақтарға палау басылып ас берілді. Асқа 150 адам қатысты астан кейін имам Жолдас қажы Қоспақұлы бір жарым сағат уағыз айтты.

0 пікір