ҚАЛАЛЫҚ «АҚМЕШІТ» МЕШІТІНДЕ

Бекітілген санитарлық-эпидемиялық сақтау шараларының талаптарын ұстана отырып Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітіне қарасты мешіт имам-молдаларының жиыны өтті.
Жиында ҚМДБ-ның «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында қабылданған «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттары кеңінен таныстырыллды. Сонымен бірге Бас имам Әбілқайыр Қазбекұлы ҚМДБ-нан бекітілген жеті бағыты бойынша жұмыс атқару, қайырымдылық істерге аса мән беру және дін қызметкерлерінің қызметтік әдебін сақтау талаптарына жеке тоқталды. Сондай-ақ мешіт құжаттарын реттеу, берілген ортақ үлгіге сай есепшілік және мешіт құжаттарын тиянақты жүргізуді ерекше ескертті.
«Ақмешіт» мешіті