ҚАЛАЛЫҚ «АҚМЕШІТ» МЕШІТІНДЕ
ҚАЛАЛЫҚ «АҚМЕШІТ» МЕШІТІНДЕ
19.01.2021 23:00
1387
0

Жаңа 2021 жыл  басталысымен қалалық «Ақмешіт» мешіті қайырымдылық жұмыстарын жандандыра түсуде. Апта сайын мұқтаж болған отбасыларына азық-түлікпен көмек беріп келеді.  Жаңа жылдың алғашқы айында  100-ге жуық отбасына азық-түлік, ет таратылды.  «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжі мен «Құран жаттау» орталығына 100 кг тәтті тоқаш жеткізілді. 

Өткен жылғы облыстық «Құран мәнерлеп оқу» іріктеу сайысынан «Ақмешіт» мешіті атынан «Ең жас қатысушы» номинациясына ие болған 7 жасар Мұхтар Абдурахман есімді болашақ қариға Қызылорда қаласының тұрғыны Рүстем Тұяқбаев  қымбат смартфон сыйға тартты.

 

«Ақмешіт» мешіті

0 пікір