Қала, аудан мешіттерінің жылдық есебі жасалды
Қала, аудан  мешіттерінің  жылдық есебі жасалды
06.12.2018 16:56
725
0

Бүгін Павлодар облысына қарасты қала, аудан имамдары орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде2018 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша есеп берді.

Кезекпен сөз  алған аудан, қала мешітінің бас имамдары өздеріне қарасты мешіттердің жыл бойы атқарған оқу-ағарту, діни-ағартушылық және үгіт-насихат жұмыстары, жат ағымның алдын-алу, қайырымдылық, «Ислам және отбасы» жылына орай атқарған іс-шаралары, «Ел үлес-пәтерге!» науқанына қосқан үлестері жайында және ҚМДБ-ы тарапынан келген өзге де тапсырмалар мен басқаларға үлгі боларлық іс-шаралар, мешіт құжаттамасы, кадр мәселесі, әйелдер, жастар бағытының есебін баяндап, көрсеткіштерін  слайд арқылы қысқаша баяндады.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы мешіт имамдарына атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша сын-ескертпелер берді, сонымен қатар аймағымызда өткізілген өнеге аларлық шараларды атап өтті.

Қорытынды сөзінде  облыстың бас имамы Павлодар облысы өкілдігіне қарасты мешіттер тарапынан атқарылған 2018 жылғы іс-шараларға оң бағасын беріп, тиісті сын-ескертпелерін  жасап келер 2019 жылы бұдан да белсенді жұмыс атқарылуы керектігін жеткізді.

Жиын соңында Бас имам асыл дініміз жолында  қызмет етіп жүрген қала, аудан, ауыл имамдары арасына жарияланған «Үздік имам» бәйгесінің қорытындысы алдағы 17 желтоқсанда өтетін облыстық  Мәуліт мерекесінде жарияланатынын айтып мерекелік шараға барлық имамдар түгелдей  келіп белсенді қатысуға шақырды.

 

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

0 пікір