Қажылық жайлы сұхбат
Қажылық жайлы сұхбат
09.07.2018 14:14
1525
0

Павлодар қаласы «Ақмешіт» мешітінің Бас имамы Нұрлан Қайрбеков өңірлік  «Халық радиосында» үлкен қажылық жөнінде орыс тілінде мағлұматар берді.

Нұрлан Евфратұлы өз сөзінде:

-Ислам дініндегі басты тіректердің бірі – қажылық. Касиетті Құран Кәрімде:«Алла үшiн Қағбаны адамдарға қажылық ету парыз» («Әли-Имран» сүресi, 97 аят), -десе, хадистеерде: «Ислам бес негiзге құрылған: Алла Тағаладан басқа тәңiр жоқ және Мұхаммед оның елшiсi деп куәлiк ету. Намаз оқу. Зекет беру. Рамазан айында толық ораза ұстау. Байтуллаға қажылыққа бару», - деп  айтылған.

Ислам дiнi бес негiзiнiң соңғы амалы болған қажылықты жасау үшін,  оның парыздарын, уәжіптерін және сүннеттерін толық игеріп, біліп бару керек. Әйел адамдарға қатысты бірнеше ерекшеліктерінің бірі қасында серігінің болуы. Оған да қатысты шарттары бар:1. мұсылман болу 2. ақыл-есі бүтін болу 3.балиғат жасына толуы.

Құран Кәрімде: «Алла үшін қажылықты және умраны толық өтеңдер» («Бақара» сүресі, 196-аят),-делінген. Қағбаның жанында ниет қабыл болады. Сондықтан да, Алла Тағала үлкен қажылықпен бірге, умраны да айтып отыр. Сондай-ақ, мұсылман тек өзі үшін емес, өзгелер үшін де қажылық өтей алады.

Қажылық - сауабы мол, жақсы амалдардың бірі. Ол жөнінде сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Шариғат жолымен жасалған қажылықтың сауабы тек қана жәннат»,- дейді. Ал енді бір хадисінде: «Қажылық парызын өтегеннен кейін бұрынғы қателіктерін қайталамаса, анасынан туғандай пәк болады, барлық күнәсі кешіріледі»,-деп қажылықтың мән-маңызын атап көрсетеді. Яғни қажылық Алла Тағаланың адамдарға жасаған бір кеңшілігі, рахымы. Сөйтіп адам баласы бұл дүниеде біліп, білмей жасаған қателіктері мен күнәларынан арылудың бір мүмкіншілігіне ие болған.

Жаратқан ие адам баласының жас-кәрісіне мұсылманның парыздарын өтеуге ниет беріп, амалдарын орындауға күш-қуат берсін.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Алла Тағала барша мұсылмандарға жақсылықты нәсіп етсін деймін»,-дей келе, тілші тарапынан  қойылған әртүрлі сұрақтарға толық жауап берді.

 

Қалалық «Ақмешіт» мешіті

0 пікір