Қажыларға қызмет ету Алланың берген шексіз мүкіндігі! (ФОТО)
Қажыларға қызмет ету Алланың берген шексіз мүкіндігі! (ФОТО)
24.09.2016 02:36
2212
0

 Биыл қасиетті сапарға Қазақстан бойынша 3500-ге жуық, ал Павлодар облысынан 30-дан астам адам аттанған болатын.

Бүгінде қажылық парыздарын өтеген Павлодарлықтардың көбі  кесте бойынша Мекке мен Мәдинадан Астана, Алматы, Шымкент қалаларына тікелей рейстермен жеткізіліп, одан бері өз ошақтарына оралып та қойды. Биылғы қажыларға бес қажылық компания қызмет көрсетті. Мәселен, облысымыздан «Мина-Тур» компаниясы арқылы 4 адам, «Ансар-Круиз» компаниясы арқылы 7 адам, «Әл-Маруа» қажылық фирмасы арқылы 2 адам, «Қызмет-Саяхат» компаниясы мен «Хикмет» компаниясы арқылы 10 адам ұлық сапарға барған.

Мұсылманның бес парызының бірі қажылық сапарынан қажы атанып қайтқан бауырларымыздың жүздерінде шаттық лебі есіп, күллі мұсылмандардың  киелі құбыласы Меккеге барып, қажылық парыздарын орындап, туған жеріне аман-есен оралғандықтарына қуанышты екендіктерін білдіруде.

 

 Атап айтар болсақ, отбасылық жұп қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің бас имамы Матаев Дулат Қабиденұлымен «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің ұстазы Талқанбаева Қарлығаш Қажымәлікқызы биылғы ұлық сапардан оралғанда: «Қасиетті сапар өте сәтті өтті. Сауд Арабиясында қажыларға барлық жағдай жасалған. Ұйымдастыру деңгейі де өте жоғары болды. Қандай да бір қиындыққа кез болған жоқпыз. Бүгінде қажылық сапарын ұйымдастыру қызметі өз арнасын тапқан. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті сапардың қызмет сапасын арттыру мақсатында арнайы Қажылық миссиясын құрып, оның құрамына білікті мамандарды қосты. Дін мамандары, дәрігерлер мен журналистер қосыны бар Миссия ел қажыларына биыл да жоғары қызмет көрсетті. Біз екеуіміз де осы сауапты міндет атқарушылар құрамында болып елімізден барған қажыларға асыл дінімізді дәріптеп, имандылықты насихаттап, қажылық парызын толық та дұрыс орындауына өз үлесімізді қосып, қызметімізді ойдағыдай атқарып келдік. Бізге  берілген Алла Тағаланың осынау шексіз мейірімі мен мүмкіндігіне тілмен айтып жеткізгісіз қуаныштамыз»,-деп көңіл толқыныстарын білдірді.

Ендеше бізде облысымыздағы күллі мұсылман қауымы атынан биылғы барлық қажыларымызға қажылықтарының қабыл болуын тілеп, қасиетті сапардан алған әсері мен ілім-білімін өңір халқына кеңінен жайып-насихаттауын,  отбасыларының үлгілі де  берекелі  болуын тілейміз.

 

0 пікір