Қайырымдылық дәстүрге айналды
Қайырымдылық дәстүрге айналды
29.05.2015 09:34
1057
0

Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беру, оларға өзіндегі артық болған дүниелерін бөлісіп, көмек жасау Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің жамағаттары үшін дәстүрге айналған десек артық айтқан болмаймыз. Осы игі шараның куәсі ретінде мамыр айының 28 күні таңертең орталық мешітте алдағы қасиетті жұма күнінің құрметіне арнап арнайы жасалған тізім бойынша әлеуметтік аз қамтылған 20 отбасына әрқайсысында 3-5 мың теңге көлеміндегі қаражаттың азық-түлігі қамтылған пакеттер таратылды. Бұл отбасыларда негізінде ауру-сырқау, мүгедек жандар, көпбалалы және жалғызбасты аналар тұрады. Сонымен қатар облыстық жасөспірімдер мен жеткіншектерді оңалту «Самал» оңалты орталығына да 15 мың теңге қаражат көлемінде ұн, шай, өсімдік майы, күріш, қарақұмық, қант т.б тауарлардың көмегі жасалды.

Сонымен қатар ізгі ниетті демеушілердің көмегі арқылы жиналған балалар, жастар, ер және әйел адамдарға арналған маусымдық киім-кешектер тегін үлестірілді. Қайырымды жандардан көңіл жылуын сезінген кісілер «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қызметін ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын жаудырды.

Алла Тағала барлығымыздың жүректерімізге қайырымдылық пен мейірімділікті молынан ұялатып, ізгі жандардың қатарынан болуды нәсіп етсін!

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

0 пікір