ҚАДІР ТҮНІ ҚҰРМЕТІНЕ
ҚАДІР ТҮНІ ҚҰРМЕТІНЕ
20.05.2020 14:27
315
0

Қасиетті Рамазан айының Қадір түнінің құрметіне  Павлодар орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бірнеше  жамағаты бірлесіп  мұқтаж болған 100 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетті. Сонымен қатар «Мәшһүр Жүсіп» мешіттің ұйымдастыруымен ораза тұтқан 100 адамға арнайы  «Ауызашар пакетін» дайындап әрқайсысын үй- үйлеріне  жеткізіп берді.

Осы күні облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы облыстық «Халық радиосы»  және қалалық «Ирбис» телеарнасының тікелей эфирі  арқылы мұсылман қауымына қадір түнінің қасиеті, бұл түнде қандай амалдар жасап өткізуі қажет екендігі туралы кең көлемде мағлұматтар беріп, елімізге амандық, отанымызға тыныштық тілеп, халықты  қазіргі төтенше жағдайға байланысты сабырлы болуға  шақырды.

 

 

0 пікір