Қабылбек Әліпбайұлы павлодарлық шәкірттермен кездесті
Қабылбек Әліпбайұлы павлодарлық шәкірттермен кездесті
29.11.2019 16:19
360
0

Павлодар облысына атбасын тіреген белгілі исламтанушы, республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі Қабылбек Әліпбайұлы павлодарлық шәкірттермен кездесіп, білім жолында жүрген жастарға сәттілік тіледі.

Ол алдымен Павлодар ауылындағы«Әбу Бәкір Сыддық» медіресінде болып, шәкірттермен кездесті. Қабылбек Әліпбайұлы Алла разылығы үшін білім алудың маңыздылығын түсіндіріп, ізгі жолға түскен жастарға береке, табандылық тіледі.

Бұдан кейін Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешіті жаңындағы қарилар даярлау орталығының шәкірттерімен жүздесті. Оларға Құран жаттаудың, білім алудың артықшылықтарын айтып, әсерлі уағыз жүргізді.

«Павлодар өңірінде медресе мен қариялар даярлау орталығының бары өте қуанышты. Ертең мұндағы шәкірттердің арасынан елді имандылыққа бастар білімді азаматтардың өсіп-өнеріне сенімдімін. Алла жолында білім қуып жүрген бауырларыма береке, табандылық тілеймін. Алла зейіндеріңді ашсын», – деді Қабылбек Әліпбайұлы.

 

0 пікір