Павлодарлық қасапшы ҚМДБ-ның Халал сертификатын алды
Павлодарлық қасапшы ҚМДБ-ның Халал сертификатын алды
09.10.2019 10:06
550
0

Павлодарлық қасапшы Берік Есенгелдин Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Халал сертификатына ие болды.

Сертификатты ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы намазға жиналған жұртшылық алдында салтанатты түрде табыс етіп, жұмысына сәттілік тіледі.

«Есенгелдин» жеке кәсіпкерлігінің иесі қой, сиыр және жылқы еттерін сатумен айналысады. Әзірше өнімдерін Павлодар қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 42 мекенжайында орналасқан «Инмаркет» супермаркетінде саудалауда.

0 пікір