ПАВЛОДАРДАН МАҚТААРАЛҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ АТТАНДЫ
ПАВЛОДАРДАН МАҚТААРАЛҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ АТТАНДЫ
11.05.2020 13:20
408
0

Павлодар қаласы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті ауласынан  Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқыннан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында «Мақтааралға көмек» атты қайырымдылық керуені жолға шықты.  Бұл керуен 10 газель маркалы автомашинадан құралған. Газельдер  керуені облыс тұрғындары, мешіт жамағаты және аталмыш көлік иелерінің бастамасымен ұйымдастырылып Мақтаралдағы  қиыншылыққа ұшыраған ағайындарға бұзылмайтын азық-түлік, тұрмысқа қажетті киім-кешек, көрпе-төсек, гигиеналық заттар қабылданды. Шараға Екібастұз, Ақсу қаласының тұрғындары да жұмыла атсалысты.

 Павлодар облысының  бас имамы Жолдас Қоспақұлы  Мақтааралдық ағайынға Павлодар жұртшылығы атынан сәлем жолдап, керуеннің межелі жеріне аман-есен жетуін және   Алладан елімізге амандық, жеңілдік пен сабыр тілеп,  қайырымдылық шарасына үлес қосқан қолы ашық азаматтарға, кәсіпкерлерге, имамдарға және мешіт жамағаттарына үлкен алғыс білдірді.

 

0 пікір