ПАВЛОДАРДАН 13 ИМАМ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ
ПАВЛОДАРДАН 13 ИМАМ  БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ
27.07.2020 12:39
396
0

Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы білім алу және іздену.  

Қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты да  білім алуға шақырады. Сол себепті, әрбір адам, дінін сүйетін мұсылман өз саласында биіктерді бағындырып, мамандығын терең игеруі қажет.

Биылғы 2019-2020 оқу жылының соңында Шымкент  қаласындағы «Шымкент» медресе-колледжін Баянауыл ауданынан имам Кожин Саян, Әбди Рүстем, Төлепбергенов Жасұлан, Ертіс ауданынан имам Байазатов Даулат, Какимов Амантай, Тереңкөл ауданынан имам Уахитов Маралбек, Надырбаев Қобыланды, Совет Самарбек,  Ақсу ауданынан имама Семсерхан Жомарт, Бертымуратов Хурсанд,  Май ауданынан  имам Жағыпар Берік қатарлы 13 имам «Исламтану» мамандығы,  «Имам-хатиб» біліктілігі бойынша табысты  оқып  тәмамдады.

Білім алған адамның дәрежесі жоғары болатын жайында Пайғамбарымыз с.ғ.с) «Алла Тағала кімге жақсылық қаласа, дінді терең білуді нәсіп етеді»,-деген еді.

 Оқу бітірген имамдарымыздың алдағы қызметтерінен үлкен табыстар күтеміз.

      Алла баршамызға екі дүниенің пайдалы ілімін нәсіп етсін!

 

 

0 пікір