ПАВЛОДАРДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР
ПАВЛОДАРДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР
15.03.2020 13:00
697
0

ҚМДБ Павлодар облысының өкілдігі облыстық конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығымен бірлесіп Павлодар қаласындағы  «Әскери техникалық мектеп»- Республикалық ММҚКәсіпорнында болды. Бұл мекемедегі «Әскери  патриоттық тәрбиелік орталығында» 40 күн мерзімінде тәрбие алып жатқан  жас сарбаздармен кездесіп, оларға  «Отанды сүю-иманнан» тақырыбында уағыз айтып, бүгінгі күнгі діни ахуал,  ағымдар туралы, және әбу ханифа жолы, матруди ақидасы туралы түсініктеме берді.

Сонымен қатар мұндай кездесу Павлодар  Қазақстан Темір Жолы мекемесі жұмысшыларымен де өтті. Бұл кездесуде де еліміздегі және әлемдегі діни ахуал, жат ағымнан сақтану мәселесі кеңінен насихатталды.

 

 

0 пікір