ПАВЛОДАРДА ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТКІЗІЛДІ
ПАВЛОДАРДА ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫС  БІРІНШІЛІГІ ӨТКІЗІЛДІ
10.02.2020 11:57
304
0

ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігі қала, аудан, ауыл мешіті жамағаты арасында волейболдан облыс біріншілігін ұйымдастырды.  ҚМДБ-30 жылдыққа орай  «30 игі шара» акциясы аясында ұйымдастырлған бұл жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау,  жамағаттың бірлігін арттыру, толеранттылық қалыптастыру.

Сайысқа арнайы келген ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша бас имамы Жолдас Қоспақұлы және облыстық діни істер басқармасының басшысы Закарьянов Дәулет сөз сөйлеп   16 командаға сәттілік тіледі.

Жарысқа барлық аудан, қала мешіттерінің  командасы қатысып, бақ сынады. Ойындар тартысты өтуімен есте қалды.

Нәтижесінде Ақсу қалалық мешітінің  командасы бас жүлдені иеленсе, Железин, Шарбақты ауданы командалары қалған жүлделі екі орынға лайық екенін көрсетті. Жүлде алғандарға арнайы марапат хаттар, кубок табыс етілді.

Осы жарыстан жақсы әсер алып, шеберлігін шыңдаған жамағат командалары алдағы уақытта спорттық іс-шараларға жүйелі түрде белсене қатысуға ықылас танытты.

 

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

 
0 пікір