Павлодарда VII Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті (ФОТО)
Павлодарда VII Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті (ФОТО)
10.04.2018 13:28
380
0

Бүгін  Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде ҚМДБ-ның Құран Кәрімді жатқа және мәнерлер оқу бойынша VII Республикалық Құран жарысының Павлодар облысы бойынша іріктеу сайысы жүргізілді. Сайысқа барлық қала, аудан мешіттері атынан 25 үміткер үкіленіп қосылды. Сайысты өкіл имам Жолдас Қоспақұлы ашып қатысушыларға қысқа ақыл-кеңестер бере келе, оларға табыс тіледі. Келесі кезекте  қатысушылардың өнерін арнайы бекітілген әділқазылар алқасы сарапқа салды.

Қазылар алқасының шешімімен осы айда өтетін VII Республикалық Құран жарысына  Павлодар облысының атынан 20 пара бойынша Жамшыбай Абдулкарим, 10 пара бойынша Рысбек Әділеттер қатысады. Ал мәнерлеп оқу номинациясы бойынша қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің шәкірті Амралинов Ержан Республикалық сайыста облыс намысын қорғайтын болады деп шешті қазылар алқасы.

Облыстық іріктеу сайысында үздік шыққан үміткерлерге сертификат табыстап, алғысын білдірген өкіл имам Жолдас Қоспақұлы оларға алда болатын Республикалық сайыста жоғары нәтиже көрсететініне сенім білдірді. Сайысқа қатысқан барлық үміткерлер өкіл имамның «Марапат хатымен» марапатталды.

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 

 

0 пікір