ПАВЛОДАРДА ТАҒЫ БІР ҚАРИ СҮЙІНШІЛЕНДІ
ПАВЛОДАРДА ТАҒЫ БІР  ҚАРИ  СҮЙІНШІЛЕНДІ
02.04.2021 13:35
284
0

Қасиетті жұмада «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде  жұма намазы санитарлық талаптарға  сай өткізілді.  Жұма намазының алдында бас имам Жолдас Қоспақұлы қасиетті Рамазан айының қарсаңында Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп қарилер даярлау орталығы» медресесінің шәкірті  Рыстанбек Ермектің 2020-2021 оқу жылы барысында Алланың кәламы болған қасиетті  Құран Кәрімнің 114 сүресін бастан-аяқ толығымен жаттап қари болғанын жамағатқа  сүйіншілеп,   алдағы уақытта  Құранды изажаға тапсыруға дайындалуы қажет екендігі, сонымен қатар ілімін одан әрі жетілдіруді мақсат ететіні туралы айтып, мешіт жамағаты мен демеушілері атынан қаржылай (400 мың теңге) сый-сияпат тапсырды.

Бүгінгі таңда «Мәшһүр Жүсіп Қарилер даярлау орталығында»  он шақты шәкірт білім алуда.  Орталықтың бағытына сәйкес Құран, Құран тәпсірі, тәжуид, ақида, хадис секілді пәндер оқытылады.  

Алла баршамызға Құран жолымен жүруді нәсіп етсін!   

 

0 пікір