Павлодарда қала және ауыл имамдары басқосты (ФОТО)
Павлодарда қала және ауыл имамдары басқосты (ФОТО)
09.01.2017 15:40
1321
0

Аптаның алғашқы күні, яғни 2017 жылдың қаңтар айының 9 күні ҚМДБ-ның  Павлодар облысына қарасты  Павлодар қалалық және қала маңындағы барлық ауыл мешіті имамдарының  алғашқы басқосуы болып өтті. Басқосуды ҚМДБ-ның өкіл имамы Исенов Нариман ашып, қасиетті дінімізді өз өңірімізде жаю, дамытып, көркейту ісінде  мешіт және мешіт имамдарының рөлі, ауызбіршілігі туралы  кеңінен тоқталып, 2017 жылы ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінен атқарылатын іс-қызметтер жоспарын таныстырып, қосымша пікірлер тыңдады.

Келесі кезекте сөз алған наиб имамдар  Аманқулов Хасан,  Қайырбеков Нұрлан, Құдабаев Ерболдар қалалық және қала маңы ауыл мешіттері жамағаттары арасына жүргізілетін 2017 жылғы уағыз-насихат, діни сауат ашу курстары жұмыстарын жүйелеп бір ретке келтіру, жамағатты молынан қамту, ер, әйел жамағаттарға  уағыз айтылатын күндерді арнайы белгілеу , жат ағымның алдын алу, уағыз-насихат жұмысына БАҚұралдарын пайдалану, облыс орталық мешітінің  «Мазһаб.кз» діни танымдық порталына сапалы мақалалар даярлап беру қатарлы іс-шараларды атқаруда  бірауыздан пәтуалар жасады.

Мәселен, әр аптаның сәрсембі күні  қала және қала маңындағы ауыл мешіттерінің ер жамағаттарына сағат 19.00-да ,  ал әйел жамағаттарына  арнап  әр аптаның жексембі күні сағат 14.00-15.00 аралығында  облыстық  орталық  «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде уағыз айтылып тұратын болды.

Сонымен қатар мешіт қызметшілері және мешітте жамағаттары арасына бірлескен қоғамдық шаралар, спорттық ойындар ұйымдастырып тұру ісін тұрақтандыру бағытында келісіп, арнайы адамдар бұл шаралардың  міндеттерін бөлісті.

Қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Бертымұратов Жолдас, «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің бас имамы Матаев Дулат, «Бижан» мешітінің бас имамы Сагинов Әдуссамат, «Ғазиз» мешітінің бас имамы Бейсенбин Ербол, қалалық «Ар Рахман» мешітінің бас имамы Уныбаев Ерлан,  Жетінші ауылдың «Ысқақ хазірет» мешітінің бас имамы Қибашев Қайрат, Кенжекөл ауылының «Шайхы ата» мешітінің бас имамы Ақбас Юсуп, «Қасым қажы» мешітінің бас имамы Омаров Нұрсейіт қатарлы көптеген имам –молдалар сөз кезегін алып облысымыздағы бүгінгі таңдағы діни мәселелерге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Имамдардың келелі кеңесі өңіріміздегі мұсылман қауымының  жаназа, дәлел, Құдайы ас беру мәселелеріне байланысты ұстанатын бірізді келісімді мақұлдады.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

(ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша

өкілдігінің баспасөз хатшысы)

0 пікір