Павлодарда оқу семинар-тренинг өткізілді
Павлодарда оқу семинар-тренинг өткізілді
01.08.2018 16:04
377
0

Тамыздың алғашқы  күні Павлодар қалалық Қ.Әбусейітов атындағы мәдениет үйінде облыстық  орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті және облыстық  конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығымен бірлесіп  «Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық жұмыстың қағидаттары мен басымдықтары» тақырыбында облыстық оқу семинар-тренинг өткізді. Іс-шараға облыстық  ақпараттық түсіндіру топтарының мүшелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, дін қызметшілері, қала, аудан мешті имамдары қатысты.

 Семинар-тренингте Алматы қаласынан келген  сарапшы-саясаттанушы Иржанов Руслан Самарханұлы «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру» тақырыбында, ал Еуразия заңгерлік академиясының профессоры Біләлова Гүлмира Қайсарқызы «Қазақстан Республикасындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарының интерактивті әдістері мен нысандары» тақырыбында баяндамалар  жасады.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Бертымұратов Жолдас Қоспақұлы биылғы «Ислам және отбасы» жылы аясында осы мінбер арқылы «Исламдағы ресми неке және ажырасу» тақырыбында баяндама жасап, аудиториядан қойылған бірнеше сұрақтарға лайықты жауаптар беріп, өзара пікір алмасуға белсене қатысты.

Сонымен қатар тренингке қатысушыларға «Опасное солнце» фильмі көрсетілді.

Семинар-тренингтің негізгі мақсаты діни экстремизмнің алдын алу және таралуына қарсы іс-қимыл бойынша өзекті мәселелерді талдау, ақпаратттық –түсіндіру топтарының (АТТ) жер-жерлердегі жұмыстарының тиімділігін арттыру болмақ.  Осы мақсаттарды орындау үшін дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, аудандық және қалалық АТТ-ы мүшелерінің діни және теологиялық білім деңгейін арттыру міндеттерін алға қойған бұл іс-шара өз жұмысын табысты жүргізіп аяқтады.

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

 

0 пікір