Павлодарда Мәуліт мерекесін атап өтті (ФОТО)
Павлодарда  Мәуліт мерекесін атап өтті (ФОТО)
05.12.2017 13:08
2603
0

ҚМДБ-ның Павлодар облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында  адамзаттың ардақтысы, асылы болған Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с) мәуліт күніне арналған «Мәңгілік өнеге: Әз Мұхаммед Мұстафа» атаумен рухани-тағылымдық кеш өтті. Кешкі мезгілде өткен рухани шараға қала халқы тайлы-тұяғымен  жиналды.  Мәдениет с арайында ине шаншар орын қалмады, сыймай қалған қаншама адам сарай дәлізінде тұрғанына куә болдық. 

Қасиетті Құран аяттарын оқумен ашылған рухани-танымдық кештің көрігін «Өнер қырандары» театры түрлі тақырыптарға арналған қойылымдары, көрерменге ой саларлықтай тағылымды әңгімелерімен қыздырды.

Павлодар қаласының орталық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің наиб имамы Қабаев Қанат   асыл Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірі туралы  қысқа уағыз айтты.

Кеште екі дүние сардарына (с.ғ.с) арналған салауат айтылып, мәуліт жыры оқылып, илләһи  әндер шырқалып, тағылым, насихаттар айтылды.

«Шараны Алла Елшісіне (с.ғ.с) құрмет көрсету мақсатында жасалғаны анық, сонымен қатар осы мүмкіндікті пайдаоланып  кері діни ағымдарға қарсы насихаттарға да орын берілді»,-дейді қалалық «Омар әл Фаруқ» мешітінің бас имамы  Аманқұлов Хасан.  

0 пікір