ПАВЛОДАРДА ЕКІНШІ ҚҰДЫҚ ПАЙДАҒА БЕРІЛДІ
ПАВЛОДАРДА ЕКІНШІ ҚҰДЫҚ  ПАЙДАҒА БЕРІЛДІ
30.06.2020 14:17
337
0

Павлодар облысының Павлодар ауданына қарасты Кемеңгер аулында тұратын жалғызбасты, көп балалы ана Айнагүл Қасмағанбетованың отбасы үлкен қуанышқа кенелді. Отбасына арналып  скважина қазылып, осы құдық  арқылы таза ауызсу құбыры үйге енгізілді. Бұл  шара ҚМДБ-ның «30 жылдыққа 30 игі шара» қайырымдылық жобасы арқылы іске асты.

Отбасына жасалған қайырымдылық  шарасына Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бертымұратов, Кемеңгер аулы «Мұрат ишан» мешітінің имамы Кажуев Медет және ауыл басшылары мен тұрғындары қатысты.  Өз кезегінде отбасы мүшелері имамдарға ағыл-тегіл алғыстарын жеткізді.

«Облысымызда  осымен екінші құдық қазылып, сауапты іс жасалды. Бұл  «ҚМДБ 30 жылға 30 игі іс» жоспарына сай атқарылды»,-дейді бас имам Жолдас Қоспақұлы.

 

 

 

0 пікір