ПАВЛОДАРДА ДІНИ СҰРАҚ ҚОЮШЫЛАР КҮРТ КӨБЕЙДІ
ПАВЛОДАРДА ДІНИ СҰРАҚ ҚОЮШЫЛАР КҮРТ КӨБЕЙДІ
16.01.2021 22:17
1981
0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 4000 ға жуық мешіт-медреселердің негізгі міндеттерінің бірі халыққа сауатты діни қызмет көрсету. Муфтияттың ең маңызды бағытының бірі  Пәтуа беру, яғни: мұсылмандардың кез-келген діни сұрақтарына қанағатты жауап қайтару. Муфтияттың Пәтуа бөлімі басшылығымен обылыс және өңірлердегі 19 өкілдікте Пәтуа беру филиальдары ашылған және әр филиальдың  желілік парақшаларында сұрақ жауап топтары бар.

         2020- жылдың Пәтуа қорытындысы бойынша Муфтиятқа және 19 өкілдікке 47000 нан астам діни сұрақ келіп, барлығына тиісті жауаптары берілді.

         Соның ішінде тілге тиек ететін жайт Павлодар Пәтуа бөліміне Республика бойынша ең көп сұрақ келіп түсті. Жыл бойы 724 сұрақ жеке кездесу арқылы қойылған, 766 сұрақ телефон қоңырауы арқылы қойылған, 4039 сұрақ сайт, ватсап, телеграм секілді сұрақ жауап топтары арқылы қойылды.  Жалпы Павлодар Пәтуа бөлімі 2020 жылы 5529 діни сұраққа жауап берді.

         Еске сала кетейік Павлодар өкілдігіне қарасты Mazhab.kz атты сайт, ютуп, инстаграм, фейзбук парақшалары халыққа қызмет етіп келеді. Сонымен қоса облысқа қарасты сұрақ-жауапқа арналған Әһлі-сунна ватсап группасы және Пәтуа_кз телеграм группасы дінисұрақтарға жауап беріп жатқанын еске салу керек.

         Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, халқымызға бірлік берсін. Елімізді жаудан сақтап егемендігімізді мәңгі етсін. Індеттен амандық берсін! Әумин!

 

Павлодар Пәтуа бөлімі жетекшісі:

Елбек Тасболатұлы

0 пікір