ПАВЛОДАРДА «БЕРЕКЕЛІ ЖҰМА»
ПАВЛОДАРДА «БЕРЕКЕЛІ ЖҰМА»
04.03.2021 17:35
1384
0

Қазақстан мұсылмандары  діни басқарма жалпы жұртшылыққа «Қара жұма» атауының орнына «Жомарт жұма», «Қайырымды жұма» деген атауды ұсынған  еді. Осыған орай Павлодар қаласында орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің  бастамасымен «Қайырымды жұма» акциясы басталды.

Қасиетті жұма күнінің құрметіне акцияға қатысуды ниет еткен  қалалық орталық әмбебап дүкенінің киім сататын «MEN STYLE»  сауда дүкені   және генерал Дүйсенов көшесіндегі «NIKE» киім-кешек дүкендері тұрғындар үшін  10-50% пайызға дейінгі аралығында жеңілдіктер жасауға келісіп, қолдау көрсетуде. Сонымен қатар «Манақбай» сауда орталығындағы жеміс-жидек сататын 20А бутигі де бұл бастаманы қолдап жұма күні тауарын арзандатып сататын болады.

Аталмыш дүкен иелері «Қара жұма» («Black Friday») даладай дархан көңілді, өз несібесін өззгелерге аузынан жырып беретін қазақ  ұғымы  үшін жат дүние болғандықтан, «Берекелі  жұма» акциясын қолдап, басқа да кәсіп орындарын қатысуға шақырды.

Бұл науқан  алдағы апталарда да және басқа да дүкендерде жалғасын таппақ.

 

0 пікір