ПАВЛОДАРДА «АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ 99 ЕСІМІ МЕН ХАДИС ЖАТТАУ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
ПАВЛОДАРДА «АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ 99 ЕСІМІ  МЕН ХАДИС ЖАТТАУ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
27.01.2020 15:57
1123
0

Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" орталық мешітінің  "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен   «Алла Тағаланың 99 есімі  мен хадис жаттау» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты  «Алла Тағаланың мына 99 есімін жаттаған адам жәннатқа кіреді, мәңгі бақытқа жетеді.»(Бұхари), «Менің айтқанымды естіп  ұғынып, түсініп және  жеткізген адамның Алла Тағала жүзін нұрландырсын», – деген хадистерге амал етіп, шәкірттердің діни сауатын ашуға ынталандыру болды.

 Байқаудың шарттары бойынша бір топқа 3 шәкірт қатысып,бір шәкірт Алла   Тағаланың 99 есімін аудармасымен жаттауы және қалған топтағы екі шәкірт Пайғамбар(с.ғ.с)-ымыздың хадистерінен  бес тақырыптың әрқайсысына кемінде үш хадисті арабша, қазақша мәтінін, риуаят етуші сахабалардың аттарымен жатқа айтулары керек  болатын.

Байқауға Павлодар облысынан жеті мешіттен 12 топ, барлығы 36 шәкірт қатысты. Қашыр аудандық мешітінен "Кәусар"тобы, Ақсудан  "Ақ ниет" тобы, "Мәшһүр Жүсіп" мешітінен  "Жаннат аңсаушылары", "Фирдауси", "Мүбарак" топтары, қалалық Ақмешіттен "Нұр ислам", "Жігер"топтары,  Қалалық "Омар Фаруқ" мешітінен "Нұр", "Самғау" топтары, Майқайың кенті мешітінен "Аққайың"тобы, Екібастұз қалалық мешітінен "Туба", "Шапағат" топтары қатысты. Барлық қатысушылар жақсы дайындықпен келіп,  мешітіміздің атынан 9 топ алғыс хат және  ынталандыру сыйлықтарымен марапатталса, өте жақсы көрсеткіш көрсеткен үш топ мадақтама граммотасы және ақшалай сертификаттарды иеленді. Екібастұз мешітінің "Туба","Шапағат"топтары 2-ші және 3-ші орынды иеленсе, "Мәшһүр Жүсіп"мешітінің "Жаннат аңсаушылар" тобы бірінші орынға ие болды.

Байқау соңында   қатысушы қонақтар, ұстаздар мен шәкірттер, мешіт жамағаты дастарханда бас қосып,әжелерден бата алып тарқасты.

 

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір