ПАВЛОДАРДА «АБАЙ» АТЫНДА МЕШІТ АШЫЛДЫ
ПАВЛОДАРДА «АБАЙ» АТЫНДА МЕШІТ АШЫЛДЫ
18.10.2021 17:59
469
0

Алла Тағала «Әли Имран» сүресінде: «...Бө­лінбеңдер», деп әмір етсе, Оның Елшісі(с.ғ.с): «...Көп­ші­лікпен бірге болыңдар! Бө­лінуден сақтаныңдар», деп, жамағатты, барша адам баласын мейірімділікке, ортақ мақсатқа үндеген.

Күнтізбемізге Рухани келісім күні ретінде енген 18- қазан күні Павлодар облысы Ертіс ауданы Голубовка  аулында  екі бірдей құлшылық орны қатар ашылды. Бірі православиялық шіркеу болса, екіншісі хакім Абай атамыздың атымен аталатын «Абай» мешіті.

Құлшылық орындарының ашылуына облыс бас имамы Бертымұратов Жолдас Қоспақұлы және, облыстық діни істер басқармасының басшысы Дәулет Закариянов, Павлодар және Екібастұз эпархиясының басшысы Эпископ Варнава, Ертіс ауданының әкімі Бейсекин Аян Уахитұлы және басқа ресми адамар, аудан, ауыл халқы қатысты.

«Абай» мешітінің ашылуына орай облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы өз сөзінде: «Ислам діні мемлекетте, қоғамда тыныштық, әділ­дік болуын көздейді. Адам­ды соған тәрбиелейді. Олай болса, біз таза діни істер­ден өзге осындай ұлы мұрат­тарды да нысана етуіміз керек. Өйткені адам баласы қа­йырлы да ізгі амалдарымен ғана Жаратушыға жақын­дайды. Қасиетті Құранда: «Бір-бірлеріңе ізгі істерде, та­қуалықта көмектесіңдер. Күнә жасауға, дұшпандыққа жәр­демші болмаңдар...» делінген. («Маида» сүресі, 2-аят). Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасын­дағы бірлік – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз. Бүгінгі бе­рекелі күнге бірліктің арқа­сында жеттік. Елдіңәлеу­меттік-экомикалық көр­сет­кіші халықтардыңөзара татулығы негізінде дами түсетіні түсінікті. Ел бас­қар­ған парасатты басшылар қашан да бірлік пен тату­лыққа аса мән берген.

Алла Тағала хал­қы­мыз­дың бірлігі мен берекесін арттырып, тәуелсіздігімізді баян­ды еткей! Тілегіміз қа­был, мұ­ра­тымыз асыл бол­ғай!», деді.

Салтанатты шараға қатысқан барлық ресми өкілдер кезегімен сөз алып, халықты береке-бірлікке шақырса, ауыл ақсақалдары ақбатасын беріп, ақжаулықты аналар шашу шашып, ізгі ниеттерін білдірді.

Батыс елдерінің сәулет үлгісімен салынған «Абай» мешітінің сиымдылығы 50 адамға арналған. Мешіт құрылысын салып халыққа тарту еткен кәсіпкер, Голубовка аулындағы «Абай» ААҚ директоры МИЛЛЕР Николай Александрович.

 


 

 

0 пікір