Павлодар: Сауат ашу курсының екінші маусымы басталды
Павлодар: Сауат ашу курсының екінші маусымы басталды
13.05.2019 12:50
487
0

Қасиетті Рамазан айының  бесінші жаңасында  Павлодар қалалық барлық мешіттерді діни сауат ашу курсының жаңа маусымы басталды. Орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде сауат ашу курсының жаңа маусымы басталғанын  наиб имам Елбек Тасболатұлы шәкірттерге қысқаша түсіндіріп, олардың ілім игеру  жолының ашық болуын тілеп дұға жасады. Сонымен қатар «Нұр Мүбарак» университетінің түлегі Исабек Ақжолдың  мешітке жаңадан ұстаз болып тағайындалғанын айтып, шәкірттерге таныстырды. Алғашқы дәріске 40-ға жуық  шәкірт қатысты, шәкірт саны күн санап өсуде. Сауат ашу курсында ҚМДБ-нан бекітілген бағдарлама бойынша  «Құран жаттау», «Пайғамбар(с.ғ.с) өмірі»,  «Құран іліміне кіріспе» және күнделікті орындалатын 100 сүннет амал сабақтары жүргізілуде.

«Сонымен қатар қасиетті Рамазан айының құрметіне  Құранды хатым ету екі қайтара жүрілуде. Біріншісі, Рамазан айы басталғалы күн сайын бесін намазының алдын  Харун Аяз ұстаз бір пара Құран оқуда, ал тарауық намызында  облысымыздың жас қариі Жұмалинов Манас Айдарұлы Құранды хатым етуде. Құран оқу  Алла қаласа қадір түнінде  толығымен аяқталады деп жоспарлап отырмыз»,-дейді ұстаз Исабек Ақжол.

 

 

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

0 пікір