ПАВЛОДАР: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ІРІКТЕУ ӨТТІ
ПАВЛОДАР: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА  ІРІКТЕУ ӨТТІ
03.08.2021 17:57
1850
0

Павлодар облысы, Екібастұз қалалық мешіті, аталмыш мешіт жанындағы ҚМДБ «Зекет» қорының бірлесіп ұйымдастырумен өңірдегі мешіт шәкірттері арасында Республикалық Құран жарысына іріктеу өтті.

 Аталмыш жарысқа қала, аудан мешіттері  30 жасқа дейінгі 30 шәкіртін қатыстырды. Олардың арасынан  Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша облыстық   шын мықты анықталды.

 Қатысушыларды сынақтан өткізуге «Қауам әд-Дин әл-Итқани әт-Түркистани» республикалық Құран қариларын даярлау орталығының директоры Садуақас  қари Сағындықұлы, «Мәшһүр Жүсіп қарилар даярлау орталығының» директоры Манас қари Айдарұлы, Екібастұз қалалық мешітінің ұстазы Акбархуджа қари Юнусов өздерінің әділ бағаларын беруге әділқазылар алқасының құрамында болып, сайысқа қатысушы шәкірттерге және жамағатқа Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде мағыналы уағыз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерімен таныстырып өтті.

Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махраджына, оқу мәнеріне мән беріліп, нәтижесінде:

1 орын - Амралинов Ержан Рашидұлы (100 000 теңге)

2 орын - Хайрол Нұрахмет (50 000т)

3 орын - Тилесбаев Ерлан (20 000т)

3 орын - Акбас Нурислам Юсупұлы (20 000т)

Амангелді Сабыр Аязбайұлы - "Жас шәкірт" номинациясы (10 000)

Мухтар Абдурахман Ерланұлы - "Жас шәкірт" номинациясы.

Сонымен қатар  барлық қатысушыларға да қаржылай сыйлықтар үлестірілді.

Сайыс қорытындысына облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы қатысып Екібастұз меішітінің «Зекет» қорының өкілі Шынғыс Тұрсынұлы Макимов бастаған жарысқа демеушілік көрсеткен жандарға өз ризашылығын білдірді.

Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Матаев Дулат Қабиденұлы өз сөзінде жарыстың жалпы мақсаты қасиетті Құран Кәрім тағылымын бойларына сіңірулеріне жол ашу, сондай- ақ Құран жаттауға деген қызығушылықтарын арттыру екендігін айта келіп, «бәйгені ұйымдастыру да  Алла жолындағы мәртебелі қызмет» ,-деді.

 

 

0 пікір