Павлодар: Құрбан Айтқа орай баспасөз брифинг өткізілді
Павлодар: Құрбан Айтқа орай баспасөз брифинг өткізілді
07.08.2019 14:10
1150
0

Биыл тамыз айының 11 күні мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі - Құрбан айт мейрамы басталады. Ұлық мейрамды ресми, мемлекеттік деңгейде атап өту үшін  Ел Президенті 2005 жылғы желтоқсанның 30-ында қол қойған, «Еңбек туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып табылады.

 Бұл туралы облыстық  «Ертіс медиа» орталығында өңірлік баспасөз өкілдерінің қатысуымен  өткен баспасөз мәслихатында  ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имам Жолдас Қоспақұлы қысқаша тоқталды. Келесі кезекте бас имам Құрбан айт мейрамында өкілдік тарапынан атқаратын шаралар туралы айтты.

Биыл 11 тамыз  күні сағат таңғы 07.00-де облыс көлеміндегі барлық мешіттерде Айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін құрбандық шала бастаймыз. Құрбандық шаламын деушілерге жылдағыдай қала шетіндегі «Құлагер» атшабары маңынан арнайы орын бөлінген. Ол жерге қоқыс жәшігі қойылып, таза су жеткізіліп, барлық қажетті жағдайлар жасалмақ. Онда мал сою және сату қызметтері ұсынылады. Құрбан айт мерекесінде үш күн бойы құрбандыққа шалынған малдың еті жиналып, үшінші күні жағдайы төмен отбасыларға таратып беруді көздеп отырмыз.

Осы күні   сағат 14.00-18.00 аралығында мүбарак Құрбан Айт мерекесі құрметіне арналып  қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы саябағында  қаладағы мешіттердің бірлесіп ұйымдастыруымен «Құрбан Айт-құтты мереке» атты рухани-мәдени шара ұйымдастырылады. Шара барысында жиналған қауымға арналып:

-иләһи өлең-жырлар оқылады

-Гир көтеру

-Қор күрестіру

-Арқан тарту

-Қазақ күресі қатарлы ойын-сауықтар  ұйымдастырылып, сый-сияпаттар жасалады.

Сонымен қатар сағат 16.00 шамасында шараға жиналған барлық халыққа Айт дастарханы жайылып, ас-тағамнан  (палау, бауырсақ, минерлка сусындары) дәм таттырады.

Соңында өкіл имам ресми тілдегі БАҚ өкілдерінің кейбір сұрақтарына жауап берді.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

0 пікір