ПАВЛОДАР: ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ
ПАВЛОДАР: ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ
20.07.2021 07:56
1672
0

Павлодар қаласында тұратын мұсылман қауымы Құрбан Айт намазын оқу үшін таң атысымен қаладағы мешіттерге қарай ағылып келе бастады. Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті ауласына жамағат лық толды. Бұл жерде үздіксіз тәкбір айтылып, облыс бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлының  уағызын тыңдады.   

Айт намазы  бас имамның Аллаға шүкірлік айтып, такбирмен Алланы ұлықтап, еліміздің амандығын, тәуелсіздігіміздің тыныштығын тілеп, дұға етумен аяқталды.

 Келесі кезекте  құрбан шалуға арналған  қала шетіндегі  «Құлагер» ипподромында  Павлодар қаласына қарасты мешіттерден  арнайы дайындалған қасапшылары имамдардың нұсқауы бойынша онлайн тапсырыс берілген  мұсылман қауымына қызмет көрсете бастады.

 

 

0 пікір