ПАВЛОДАР: ҚҰРБАН АЙТ-2020
ПАВЛОДАР:  ҚҰРБАН АЙТ-2020
03.08.2020 12:00
891
0

Қасиетті Құрбан айт мерекесімен қатар Павлодар облысы бойынша құрбан шалу рәсіміне қатысты ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары жыл-жылдағыдай қалыпты деңгейде өтті.

Үйымдастыру жұмыстарына бекітілген мешіт қызметкерлері бүгінгі қалыптасқан жағдайға байланысты арнайы режимде жұмыс істеп, өз міндеттерін тиісті деңгейде орындады. Жұмыс барысында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағаланды.

Мұсылман қауымының ұлық мейрамында қайырымдылық шарасын жандандырған  облыстық «Зекет қоры» облыс  бойынша  22 қара мал, 1282 қой құрбанға шалынып, 3036 мұқтаж отбасыға құрбандық етін жеткізді.Бұл шамамен 4 тонна қара мал, 31 тонна ұсақ малдың еті болмақ.

Сонымен қатар, құрбандық еті қаламыздағы қарттар, жетімдер, «Сәбилер», «Балалар» үйлері, «Самал» оңалту орталығы, «Зағиптер» қоғамы мен ауруханаларға тегін таратылды.  Сондай-ақ Айт мерекесі күндері ауруханаларда кезекшілікте қызмет атқарып  жатқан  медицина қызмткерлеріне  арнайы дайындалған «Айттық ас» үлестірілді.

Орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті арқылы   qurban2020.kz  сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы толығымен орындалды. Осы уәкілдік құрбандығының есебін қажет еткен жандарға атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі толық жіберілді.

Мерекелік қуанышқа бөленген жандар, қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтар тарапынан да телефон, әлеуметтік желі, уатсап арқылы жылы лебіздер мен игі тілектерін айтып,   разылығын көптеп білдіруде.  

Осы ретте облысымыздағы қала, аудан, ауыл мешітінен  қайырымдылық шарасына белсенді түрде атсалысып, мұқтаждың мұңын бөлісіп, сауапқа үлес қосқан барша азаматтарға айрықша алғыс айтамыз.

 

 

 

 

0 пікір