ПАВЛОДАР: ҚҰРАН ОҚУДАН ІРІКТЕУ ЖАРЫСЫ
ПАВЛОДАР: ҚҰРАН ОҚУДАН ІРІКТЕУ ЖАРЫСЫ
06.10.2020 10:44
386
0

ҚМДБ, Павлодар облысы өкілдігі және Екібастұз қалалық  мешітінің «Зекет» қорының атсалысуымен ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай өтетін Республикалық Құран оқу жарысына    іріктеу сайысы өтті. Облыстық сайыс «Екібастұз» қалалық мешітінде өтті. Сайысқа Павлодар облысына қарасты қала,  аудан мешіттерінің  «Діни сауат ашу» курсында оқитын  30 жасқа дейінгі 21 шәкірт  қатысты.

Сайыс басталар алдын Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Бауыржан Отарбаев қатысушыларға табыс тілеп қысқаша сөз сөйлей келе, биылғы жылғы ауыр індет зардабынан  бақилық болған еліміздің дн қайраткерлері, қарилар, дін қызметшілерінің рухына арнап Құран оқып, дұға бағыштады.

Қатысушыларды сынақтан өткізуге  облыстық  «Мәшһүр Жүсіп қарилар даярлау» орталығының директоры Манас қари Жұмалинов, Екібастұз қалалық мешітінің наиб имамы Әкбарқожа қари Юнусов және «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің ұстазы Дәулет Рүстемов секілді білікті мамандардан құралған қазылар алқасы баға берді.

Жарыс екі номинация бойынша өткізіліп, үміткердің Құранды тәжуид қағидасына сай мәнерлеп әрі көркем оқуына  және билет бойынша берілген сұрақтарға  дұрыс жауап беруіне баса назар аударылды.

Жарыс қорытындысы бойынша  бас жүлде және республикалық сайысқа жолдаманы Екібастұз қалалық мешітінің шәкірті  Хайролла Нұрахмет еншіледі.

1-орынды Серіков Қуаныш («Әбу Бәкір сыддық» медресе-колледжінің ұстазы) алғыс хат 30 мың теңге, 2-орынды Әміралинов Ержан («Әбу Бәкір сыддық» медресе колледжінің шәкірті) алғыс хат 20 мың теңге, 3-орын Төлеубаев Әбдікәрім (Ақсу қалалық мешіті) 10 мың теңге қаржылай сыйлық алса,  «Ең жас қатысушы» арнайы номинация сыйлығын 7 жасар Мұхтар Абдурахман 10 теңге, алғыс хатпен марапатталды.

Жарыстың өтуіне   Екібастұз қалалық мешітінің Шыңғыс Макимов бастаған «Зекет» қоры демеушілік жасап, жүлделі орын алған шәкірттерге мараппатау қағазы, ақшалай сыйлық және діни-әдеби кітаптар сыйлыққа берсе, барлық қатысушыларға да сый-сияпаттар үлестірді. Жарыс өңірлік БАҚ арқылы насихатталды.

 

0 пікір