ПАВЛОДАР: «QAMQOR-SHARAPAT» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
ПАВЛОДАР: «QAMQOR-SHARAPAT»  ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
07.04.2021 13:54
189
0

 ҚМДБ-ы бекіткен үлгіге сай  Павлодар облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде салттық қызмет көрсету «Qamqor-Sharapat» орталығы ашылды.

Орталықтың ашылу рәсіміне ҚМДБ, «Qamqor-Sharapat» орталығының директоры Камалжан Тұрдыбаев Бекбосынұлы, облыстық Ардагерлер комитетінің төрағасы Шөкеев Рымтай,  Павлодар қалалық ардагерлер ұйымының басшысы Кеңесбаев Кенже және осы ұйымның алқа мүшелерімен қоса мешіт жамағатының өкілдері, қала мешітінің имамдары  қатысты.

Камалжан Бекбосынұлы жиналған ардагерлерге жаназа және жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында іске қосылып жатқаны туралы түсіндіріп айтты.

Келесі кезекте «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы  ашылуына байланысты «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде аудан имамдарымен «Зират және зиярат әдебі» тақырыбында жиын өтті. Іс-шараға қалалық  мешіттерінің имамдары офлайн  қатысты.

Бұл жиында Камалжан Бекбосынұлы  «Qamqor-Sharapat» - жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба екендігін, және қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру, жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, өркениет көшінен де артта қалмауы керек екендігі туралы кеңінен түсіндіріп, ҚМДБ-нан осы бағытта атқарып жатқан іс-қызметтеріне тоқталып, имамдар тарапынан  қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

 

0 пікір