ПАВЛОДАР: ҚАЛА, АУДАН ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП БЕРДІ
ПАВЛОДАР: ҚАЛА, АУДАН ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП БЕРДІ
08.12.2022 14:50
1089
0

Павлодар, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде қала, аудан имамдарының жылдық қорытынды жиналысы өтті. Жиналыста 2022 жылдың жетістіктері мен кемшіліктері сарапқа салынып, 2023 жылда атқарылуы тиіс ауқымды істер жобасы пысықталып, талқыланды.

 Қала, аудан имамдары  облыстың бас имамы  Жолдас қажы Қоспақұлына  ҚМДБ тарапынан бекітілген негізгі бағыттар (Діни білім және ғылым, Уағыз насихат және ихсан, Ақпарат және ағарту,Уақып және қайырымдылық, Дін мен дәстүр, Қоғаммен байланыс, Діни оңалту) бойынша   атқарған жұмыстарының есебін  слайд және кітапша жасап ұсынып, баяндап берді.

 Есептерді толық тыңдап, арасында сұрақтар қойып отырған бас имам  қала, аудан имамдарына бірқатар тапсырмалар беріп, келер жылы жастар мен әйел жамағатына арнаулы дәрістер ұйымдастыруды, жас мамандарды жұмысқа тартуды, уағыз-насихат сапасын күшейту жұмыстарын тапсырды.

Жиын соңынан имамдарға қызметтері үшін алғыс айтып үздік  деп танылғандарды  марапатталды.

Облыс бас имамы жиын соңында имамдарға ҚМДБ –ның арнайы белгіленген Жарғысына сай қызмет етуді, діни істерді жандандырып, жауапкершілікті алдыңғы орынға қоюды, әрбір имам өз  міндетін лайықты дәрежеде дұрыс атқара білуі керек екенін ерекше ескертті. 

Барлық дін мамандарына алғыс айтылып, алдағы жылда да дін үшін, халық үшін игі істерге мұрындық болып, белсенділіктен таймай қызмет етуді аманаттады. 

 

0 пікір