Павлодар: Өкіл имам тікелей эфирде зекет туралы түсіндірді
Павлодар: Өкіл имам тікелей эфирде зекет туралы түсіндірді
25.04.2019 09:49
942
0

Исламдағы бес парыздың бірі болып саналатын Зекетті ҚМДБ-ның Павлодар бойынша өкілдігі  жан-жақты насихаттау жұмыстарын қолға алуда. Өкіл имамы  Бертымұратов Жолдас Павлодар қалалық «Ирбис» телеарнасының «Айтарым бар...» бағдарламасының қонағы болып, тікелей эфирде "Зекет, садақа − сауапты іс" тақырыбында  сұхбат өрбітті.

Сұхбат барысында ҚМДБ «Зекет» корпоративтік қоры, оның мақсаты, төлем терминалдары арқылы онлайн «Зекет» беру жолдары,   садақаның түрлері мен зекет берудің мән-маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, сауапты амалдарды арттыру қажеттілігін атап, жалпы зекет жайында толық түсінік берді. Бүгін де халық арасында көбі садақа мен зекетті шатастырып, зекет жайында нақты біле қоймайды. Осыны ескерген өкіл имам зекет беру әдебімен таныстырып, оның қаншалықты сауапты іс екенін, зекет берген адамның керісінше ризық-несібесі арта түсетіні жайында хабардар етті. Тікелей эфирдегі сұхбат арқылы зекет берудің мәні мен маңызына, нисап мөлшері және шарттары туралы  қарапайым жамағат тез түсініп алатындай  әңгімеледі.  

Аталған бағдарлама барысында көрермендерден тікелей қоңырау арқылы түскен сауалдарға тұщымды жауаптар қайырды.

Сұхбат алдағы күндері эфирде бірнеше рет қайталанатын болады.

Алла Тағала баршамызға зекет беретіндей мол несібе, бақ-дәулет нәсіп етсін! 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

 

0 пікір