Павлодар облысының қала, аудан, ауыл имамдары арасында ұйымдастырылатын «АЙ ИМАМЫ» байқауының ережесі
Павлодар облысының қала, аудан, ауыл имамдары арасында ұйымдастырылатын «АЙ ИМАМЫ» байқауының ережесі
11.09.2019 06:01
428
0

ҚМДБ Орталық аппаратының биылғы кеңейтілген отырысында жүктелген тапсырмаға сәйкес, Павлодар облысының қала, аудан, ауыл имамдары, наиб-имамдары, азаншылар мен ұстазары арасында «АЙ ИМАМЫ» байқауы ұйымдастырылады.

 МАҚСАТЫ: - қала, аудан, ауыл имамдарын, наиб-имамдарын, азаншылар мен ұстазарын ынталандыру;

- олардың белсенділіктерін арттыру;

- атқарып жатқан жұмыстарын насихаттау;

- имамдардың қоғамдағы рөлін көтеру.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі, Мәшһүр Жүсіп орталық мешіті.  

ҚАТЫСУШЫЛАР: Павлодар облысындағы барлық деңгейдегі имамдар, наиб-имамдар, азаншылар мен ұстаздар (қала, аудан, ауыл) қатыса алады.

УАҚЫТЫ: Байқау әр ай сайын ұйымдастырылады. Байқауға 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап өтінімдер қабылданады. Қазан айында қыркүйек айының жеңімпазы анықталып, марапатталады.

БАЙҚАУДЫҢ ШАРТЫ: Имамдар күнделікті атқаратын жұмыстарын көрсете білуі керек. Дәлірек айтсақ, имамдардың уағыз айту, дәріс беру, БАҚ беттеріне, сайттарға мақала жариялау, телеарналардың бағдарламаларына қатысу, ағымдармен күрес жүргізуде белсенділік таныту, әлеуметтік желілерде белсенді болу, қайырымдылық жасау, түрлі іс-шаралар ұйымдастыру және тағы да басқа жұмыстары бағаланады.

Қатысушылар бір айда атқарған жұмыстарының есебін f_a_r_a_92@mail.ru электронды поштасына суреттерімен, сілтемелерімен қоса жолдауы керек.   

БАҒАЛАУ: Байқауға қатысушылардың жұмысын арнайы топ бағалап, жеңімпазды анықтайды.

МАРАПАТТАУ: Бір айда үздік нәтиже көрсеткен имамдар қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Әр айдың жеңімпазы келер айдың 5-інші жұлдызына дейін марапатталуға тиіс.

Байқау туралы толық ақпаратты

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінен білуге болады.

Жауапты: Фархат Әміренов (8-776-259-92-92, f_a_r_a_92@mail.ru)

0 пікір