Павлодар облысы алғашқы төрттікте
Павлодар облысы алғашқы төрттікте
05.12.2019 17:16
1291
0

Алматы қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде қала, облыс, өңір бас имамдары 19 бағыт бойынша есеп берді.

Пәтуа, уағыз-насихат, діни білім және кадр даярлау, мешіт істері, қажылық, қайырымдылық, діни кеңес беру, баспасөз, жастармен жұмыс, халал стандарттау, қыз-келіншектер секторы, т.б. бағыттар бойынша бас имамдардың есебі тыңдалды. Есеп беру жұмысы слайд, бейнеролик, кесте бойынша жүзеге асты.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы 2019 жылы жақсы жұмыс нәтижесін көрсеткен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Жамбыл, Павлодар облыстары, Талдықорған өңірі бас имамдарына алғыс айтты. Алғашқы бестікке ілінген облыстардың жұмысы жоғары баллға ие болды. Ал орта және төмен нәтиже көрсеткен облыстың бас имамдарына Бас мүфти бірқатар ескертулер мен тиісті тапсырмалар берді.

www.muftyat.kz

 
0 пікір