ПАВЛОДАР МЕШІТТЕРІНДЕГІ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
ПАВЛОДАР МЕШІТТЕРІНДЕГІ  ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
15.03.2020 14:39
319
0

Павлодар  облысына қарасты барлық мешіттер мен діни оқу орындары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан коронавирустың алдын алу шараларына қатысты жарияланған үндеу,  сақтық шараларын күшейтуге орай берілген арнайы тапсырмаларын жүзеге асыруда.

 Осы сембі, жексембі күндері облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жиналатын жамағат санының көптігі баса ескеріліп, тазалық пен қауіпсіздік шаралары қатаң қадағалаланып, алдын алу жұмыстары күшейтіліп,   арнайы залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстары жүргізіліп, құлшылық ордасының көптеген жерлеріне медициналық тазартқыш сұйықтықтар орнатылды.

Сонымен қатар қала, аудан, ауыл мешіттерінде де залалсыздандыру жұмыстары жүргізу тапсырмасы беріліп,  орындалуы қадағалануда. Мәселен, Екібастұз, Ақсу, Баянауыл, Ақтоғай, Ертіс, Шарбақты, Аққулы, Май, Успен, Железин Тереңкөл аудандық мешіттерде намаз оқитын үлкен залдар,  қызметтік бөлмелер мен дәретхана мен асхана аумақтарына арнайы сұйықтық құрылғылары қойылып, келуші жамағатқа да тазалық сақтау талаптары таныстырылып жатыр.  Коронавирус дертінен қорғану үшін сақталуы қажет болған гигиеналық ережелер жазылған арнайы парақшалар жабыстырылып, қажетті мағлұматтар ұсынылып отыр.

Бұл  шара алдағы уақыттарда барлық мешіттерде күн тәртібіне қойылып, тұрақты бақылауда ұсталмақ.

 

0 пікір