ПАВЛОДАР: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ-2021»; 700-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫ ҚАМТЫЛДЫ
ПАВЛОДАР: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ-2021»; 700-ГЕ ЖУЫҚ  ОҚУШЫ ҚАМТЫЛДЫ
23.08.2021 13:15
767
0

Аптаның алғашқы күні ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігінің ұйытқы болуымен «Мектепке жол-2021» науқаны бойынша жүргізілген қайырымдылық шарасы барлық қала, аудан, ауыл мешіттерінде  ұйымдастырылды.

Ізгі істің нәтижесінде жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын 700-ге жуық мектеп оқушыларына сөмкесі мен қажетті оқу құралдары (дәптерлер, қалам, сызғыш, циркуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, суретдәптер, қалам ұштағыш, желім т.б.) сыйға берілді.

Орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті ауласында өткен қайырымдылық шарада, облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы аталмыш дәстүрлі шараға ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорымен қатар  мешіт жамағаты да үлкен үлес қосқанын айта келе, балаларға үлгілі де тәртіпті,  оқуда озат, білімге құштар болып, Отанымыздың мықты азаматтары болып өсуіне тілек білдіріп, ақыл- кеңесін айтты.

Өз кезегінде ата-аналар да мешіт тарапына үлкен алғыстарын білдіріп жжатты.

Шараға өңірлік  БАҚ өкілдері де  қатысып насихаттады.

 

 

0 пікір