Павлодар имамдарының келелі кеңесі (ФОТО)
Павлодар имамдарының келелі кеңесі (ФОТО)
27.12.2016 18:53
668
0

Ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде қала, аудан имамдарымен 2016 жылдың  соңғы кеңейтілген жиналысы болып өтті. Бұл басқосуға облыстық Діни істер басқармасының басшысы Д.Закарьянов, ҚМДБ Павлодар облысы бойынша «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің өкілі Казбек Какенов, ҚМДБ Зекет қоры өкілі Қанат Тілеубаевтар қатысты

 ҚМДБ-ның  Павлодар бойынша өкіл имамы Нариман қажы Ермекұлы  басқарып жүргізген бұл жиналыс барысында  2016 жыл есебін қорытындылап, 2017 жылдың негізгі іс-шаралар жоспары талқыланды. 

 Мұнымен қатар, Ғұламалар кеңесінің XIV мәжілісінде бекітілген  «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігі мешіттерінің ішкі тәртіп Ережесі кеңінен түсіндіріліп, таныстырылып,  бұл құжатты жамағатқа насихаттау туралы арнайы тапсырма берілді.

Келесіде қала, аудан имамдары  ҚМДБ бекіткен бағыттар бойынша жыл бойы атқарған жұмыстарының есебін баяндады. Бақылау-басқару, уағыз-насихат жұмыстары, діни ағартушылық саласы мен  теріс ағымдармен жұмыс, қайырымдылық шаралары бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесін мешіт имамдары арнайы бейнеролик арқылы ұсынып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Жалпы, жиын барысында алдағы атқарылатын оқу-ағарту, үгіт-насихат жұмыстары,  мешіт құжаттарын реттеу, сауат ашу курстарын жан-жақты дамыту, түрлі кереғар ағымдардың алдын-алу шараларын күшейту және алдағы жылы атқаратын жұмыс жоспары кеңінен пысықталды.Өзге де ағымдағы мәселелер сарапқа салынып, ұсыныстар тыңдалды. 

 

Басқосу барысында  бірқатар тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, алдағы жылы кереғар ағымдардың алдын-алу шаралары, жастар ісі және халал ісі, Зекет қорының жұмыстарын күшейту, ЖАНТ жұмыстары, діни сауат ашу курстарының жұмыстары және т.б. өзгеде мәселелер бағытында қала, аудан имамдарына  тапсырмалар жүктелді.

Биылғы жылы өкіл имам Н.Исенов және Ақсу қалалық мешітінің бас имамы Ә.Омаров т.б бірқатар имамдарамыз ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекелік медалымен марапатталған еді. Мұның өзі имам, молдаларымыздың қоғам алдындағы беделінің артып отырғандығының дәлелі. Осы дәстүрді жалғастырып, шара соңында асыл дініміздің жолында аянбай қызмет етіп жүрген дін қызметкерлеріне, ауыл мешіті имамдарына  Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай өкілдік тарапынан алғыс хаттар табыс етілді

Бір күнге созылған жиын соңы өкіл имамның  баршаға табыс тілеген дұғасымен байыды.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша

 өкілдігінің баспасөз хатшысы

0 пікір