Павлодар имамдары университет студенттеріне дәріс оқыды
Павлодар имамдары университет студенттеріне дәріс оқыды
04.12.2019 10:31
213
0

Павлодар облысының имамдары өңірдегі беделді оқу орны – Toraighyrov University студенттеріне дәріс оқуды бастады. Мақсат – жастардың жат ағымның жетегінде кетуіне жол бермеу, оларды теріс топтардан сақтандыру және жат ағымдар туралы білімдерін арттыру.

Осы аптадағы алғашқы дәрісті Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы өткізді. Одан кейінгі дәрісті «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб-имамы Елбек Қожамұратов жүргізді.

Атап өтерлігі, мұндай дәрістер осымен шектеліп қалмайды. Студенттер үшін пайдалы мұндай дәрістер жиі ұйымдастырылатын болады.

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір