Павлодар имамдары Рамазан дайындығын пысықтады (ФОТО)
Павлодар имамдары Рамазан дайындығын пысықтады (ФОТО)
15.05.2018 10:17
291
0

Павлодар  облысының өкіл имамы Бертымұратов Жолдас бүгін өкілдікке қарасты қала, аудан, кент имамдарының басын қосты. Жиналыстың басты тақырыбы-Қасиетті Рамазан айына дайындық. Өкіл имам биылғы Рамазан айының ерекшелігі туралы айта келе,  Рамазан айын насихаттау, оразаға қатысты сауал-жауап сұхбаттарын өткізуге, сондай-ақ, қайырымдылық шараларына көп көңіл бөлуге шақырды.

Биыл республика бойынша пітір садақа мөлшері 300 теңге болып белгіленгені жайлы, биыл неліктен Рамазан айы 17 мамырдан басталғаны туралы түсіндіріп,қасиетті ай қарсаңында мешіт жамағаттары, жастар және имамдар арасына өкілдік атынан жарияланып отырған шығармашылық және уағыз-насихаттар бәйгесін таныстырды. Біраз имамдарға іс-қызметке қатысты арнайы тапсырмалар да берілді. Сондай-ақ, мешіттерде  иғтикаф жасауға арнайы  орындар бекіту, оларға баса назар аудару жағы да сөз болды. ҚМДБ-ы жариялаған «Ислам және отбасы жылына» орай бекітілген жоспарды әлде де жандандырып, жанұя жарасымын насихаттайтын іс-шаралар ұйымдастыру, газет-журналдарға мазмұнды мақалалар беру керектігін айтты. Сонымен қатар жат ағым өкілдерімен жұмысты қарқынды жандандыру жайы да сөз болды.

Имамдар қасиетті айда мейірім мен қайырымға жол ашып, ізгі амалдарға толы әрекеттермен өткізуге бірауыздан уағдаласты.

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір