ПАВЛОДАР ИМАМДАРЫ «МӘШҺҮР ЖҮСІП» КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ
ПАВЛОДАР ИМАМДАРЫ «МӘШҺҮР ЖҮСІП» КЕСЕНЕСІН  ЗИЯРАТ ЕТТІ
26.09.2021 13:15
440
0

Павлодар облысына қарасты  қала, аудан мешіті имамдары ҚМДБ-ның «Darhan Dala» жобасы аясында  қазақ халқының ұлы ойшылы, атақты фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, дінтанушы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі көрнекті тұлғасы, Ертіс-Баян өңірінің тумасы  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының  Баянауыл-Ескелдідегі кесенесіне зиярат жасады.

Кесене басындағы мұражай ішінде имамдар Мәшһүр Жүсіптің  өмірбаяны,  қасиетті дінімізді насихаттау  жолында атқарған еңбегі туралы ой толғап, шағын отырыс  өткізді.  Мәшһүр Жүсіптің бабамыздың мұраға қалдырған 20 томдық еңбегінен таңдап алынған ғибратты сөздерінен біршама үзінділер айтылды.

Сонымен бірге ҚМДБ тарапынан биыл қабылданған «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» құжаттарының маңызы, киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру туралы айтылды.

  Соңында  Құран хатім етіп, ел-жұртқа  жақсылықтар тілеген дұғалар жасады.

Биыл «Мәшһүр Жүсіп» мешіті ашылуына 20 жыл толды.

 

 

0 пікір